«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ
13
декабрь
2024

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ













ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша «№45 орта бейіндік мектебі» КММ оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ


Өткізілетін күні: 13.12.2024ж

Өткізілетін уақыты: 12:30

Өткізілетін орын: акт зал


Қабылдау рәсімінің қатысушылары: 

- мектеп директоры; 

- мектеп директорының орынбасарлары; 

- аға тәлімгер; 

- мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы; 

- ұйым қатарына қабылданушы оқушылар; 

- сынып жетекшілер.


Салтанатты патриоттық ән шығып тұрады, сахнада ҚР туы орнатылған, балалар орындарында тұр, залда қонақтар жиналған.


Түзел! Тік тұр!

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы кіргізілсін.


Фанфар ойналады


Қабылдау рәсімінің барысы:


I жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, сынып жетекшілер және оқушылар! 

Бүгінгі  шара 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілгелі отырған  «Жас Ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау жиынына қош келдіңіздер! 


ІІ жүргізуші:

Мереке қарсаңында бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына, біздің мектептің жарқын оқушылары мүше болып қабылданғалы тұр.


I жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,
 Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
 Беретін бойға күш-қуат, жігер,
 Шырқалсын шаттық әнұран әнім!


ҚР мемлекеттік Гимн орындалады

ІІ жүргізуші: 

«Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады» - дейді, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа жолдауында жастардың болашағына көңіл бөлетінін айта кетті.

І жүргізуші:

Қазақстан бүгін дамудың жаңа жолына тұрды. Әр Жасұландық  жерін, елін, Отанын мақтан тұтады.  

ІІ жүргізуші:


Бүгінгі  салтанатты қабылдаудың құрметті қонақтарымен таныстыруға рұқсат  етіңіздер:   

1. Мектеп директоры – Серикбаева Алия Елғазықызы

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі – Камшыбаева Мөлдір Алибекқызы

3.

І жүргізуші:

      Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры - Серикбаева Алия  Елгазықызына ұсынылады.


ІІ жүргізуші: 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

.І жүргізуші: 

Ортаға «Жас ұлан» үгіт бригадасын шақырамыз. 

«Жас Ұлан» үгітбригадасы шығады

1. Оттай лаулаған көздері

Қайсар мінез жүректері,

Жас ұлан жастары

Тәуелсіз елдің тіректері

Бірге: «Жас Ұлан»

2. Жүректің қалауы! 

Бірге: «Жас Ұлан»

3. Көздің жарқырауы!

Бірге: «Жас Ұлан» 

4. Алға ұмтылады!

Бірге: «Жас Ұлан» 

5. Отанымызды өркендету - біздің азаматтық борышымыз! 

Сапты қайтадан түзу.

6.«Жас Ұлан»: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді 

7. Ата-ананы қадірлейді

8. Білімге ұмтылады 

9. Қоғамға қызмет етеді

Бірге: Біз жастар!

10.Достық пен татулық тілегі,

Жас ұлан деп соғады жүрегі.

Бірге: «Жас  ұлан»! Тек алға!


І жүргізуші: 

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 


ІІ жүргізуші: 

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып сендер: 

  1. ҚР патриоты болуға;

І жүргізуші: 

  1. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін сыйлауға;   

ІІ жүргізуші: 

  1. Отанымызды мақтаныш етуге;

І жүргізуші: 

  1. Ата-аналарға құрмет көрсетуге; 

ІІ жүргізуші: 

  1. Білімге ұмтылуға;

І жүргізуші: 

  1. Салауатты өмір салтын жүргізуге;

ІІ жүргізуші: 

  1. Табиғатты аялауға;

І жүргізуші: 

  1.  «Жас Ұлан» жарғысын бұрмалауға және оны достарыңнан талап етуге; 

ІІ жүргізуші: 

  1. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етіп, бұлжытпай орындауға тиіссіңдер!


І жүргізуші: 

Құрметті қонақтар және Жас ұлан ұйымының өкілдері, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук табыстау рәсіміне шақырамыз.


«Жас Ұлан» әнұраны қосылады


ІІ жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  2«А» сынып үздіктерін  шақырамыз. Сынып жетекшісі Темиргалиева Аян Кумаргалиевна. 


2 «А» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


І жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  2«Ә» сынып үздіктері мен  шақырамыз. Сынып жетекшісі Ултанбаева Гулнур Сайранхановна.


2 «Ә» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


ІІ жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  2 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Дусупова Сындар Сагатбековна.


2 «Б» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


І жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  2«В» сынып үздіктері мен  шақырамыз. Сынып жетекшісі Елғазықызы Әсел.


2 «В» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


ІІ жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  2 «Г» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Марсебаева Назгүл Асылбекқызы. 


2 «Г» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


І жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  2 «Д» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Кусаинова Қымбат Ерболатовна. 


2 «Д» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


ІІ жүргізуші: 

2 сынып оқушылары бүгіннен бастан сендер Жас Қырандықсыңдар! Сендерді шын жүректен құттықтаймыз!


І жүргізуші: 

Келесі «Жас Ұлан»  ұйымына қабылданағалы отырған оқушыларға кезек берсек: 



Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  5«А» сынып үздіктерін  шақырамыз. Сынып жетекшісі Сағатбекова Ақерке Қыдырмолдиновна.


5 «А» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


І жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  5 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Султанбекова Айгерим Айдаровна.


5 «Б» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


ІІ жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған  5 «В» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Бұқабаева Дина Мұратовна.


5 «В» сыныбына рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.  


І жүргізуші: 

Ортаға «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы отырған 5«Г» сынып үздіктері мен  шақырамыз. Сынып жетекшісі Еделқызы Мадина.



ІІ- жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз! 


І жүргізуші:

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі!  5-«А» сынып оқушысы Алимханова Ажарды ортаға шақырамыз.

Анттың мәтіні:

         Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:


Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

         Білімге табандылықпен  ұмтылуға; 

         Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде


АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! (Барлығы бірге)


ІІ жүргізуші: 

Құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Камшыбаева Мөлдір Алибекқызына береміз. 

Ортаға «Жас Ұлан» үгітбригадасын «Жас Ұлан» биімен ортаға шақырамыз!


І жүргізуші:

Біздің бүгінгі мерекемізге «Жас Ұландық» ағабуын 10 б сыныбы өз құттықтауымен келген екен, қане қошеметпен қарсы алайық! 


І жүргізуші:

Осымен бүгінгі салтанатты қабылдау өз мәресіне жетті.  

Түзел! Тік тұр!


«Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы шығарылсын.


ІI жүргізуші:

Қымбатты «Жас Ұлан» және «Жас Қырандықтар» біз сіздерді өмірлеріңіздегі осы атаулы оқиғамен  құтықтаймыз. Біз сіздерге Жас Ұландықтар абыройын жоғары ұстауға және өз еліңнін лайықты азаматы болуға тілектеспіз!   


І жүргізуші:

«Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімін жабық деп жариялаймыз.

Бірге: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!