Абай-175 - Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ https://45-oskemen.mektebi.kz/ ru Абай-175 - Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ DataLife Engine Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/78-stazy-zhasyny-stamy-zhasy.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/78-stazy-zhasyny-stamy-zhasy.html        Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Мұғалімнен өнеге-білім алып өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»...Иә ,бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек,даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі.» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай  №45 бейімделген орта мектебінің жүрегі болып жүрген асыл ұстаздарымыз Канапина Асель Альмухановна мен Азатбек Орынбек жайлы айтпақпын. Ұстаздарымыз  балаларымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай , өнерге баулып, ортаға тез бейімделуге үйретіп, ерекше тәртіпке, ең бастысы адами қасиеттерді  бойларына сіңіріп келеді.  Сынып жетекшіміз Асель Альмухановна балалардың және ата-аналардың ұйымшылдығын жақсы жолға қоя білді. Ол үнемі жүргізілетін демалыстардың, кездесулер мен мәдени шаралардың нәтижесі деп білемін. Сынып оқушылары мен ата-аналары үнемі қызу жұмыстар үстінде. Білім саласынан басқа өнер саласында да үлкен еңбек етіп келеді. Бұл осы екі ұстазымыздың арқасы деп білемін. Олар алыс сапарлар мен байқауларға шыққанда да балаларымызға өз баласындай қарайды.

Жас та болса осы үлкен өнерді өзі игеріп қана қоймай, көзіміздің ағы мен қарасы балаларымыздың жүрегінен орын тауып, домбыраға үйретіп жүрген Азатбек Орынбек. Ол әр шаңырақта домбыраның үнін шығарып,  қазағымыздың ұлттық мұрасы домбырамызды насихаттап жүр. Балаларымыз білімде де, өнерде де сайыстардың алдын беріп көрген жоқ. Атап айтсам, 2018жылы 31-қазанда өткен «SAMGAU»Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальден І-орынды иеленді. 2018 жылы Алматы қаласында өткен  Ғұмырдария «Құстар қайтып барады» Н.Тілендиев Республикалық ән-би байқауының «Би» номинациясы және «Ансамбль» номинациясы бойынша лауреат атанған    І-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019жылы Нұр-Сұлтан қаласында Майра Ильясованың ұйымдастыруымен өткен «Жұлдыз болғың келсе» атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы «Би» және «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша І-орын дипломмен марапатталды. 2019жылы Өскемен қаласында өткен «TALENTS BATTLE»Халықаралық конкурстан   Ұлттық аспаптарда  ойнау номинациясы бойынша «Шығыс сазы» домбрашылар ансамблі І-орынды иеленді. 2020 жылы «Жаңа формат» халықаралық байқауда аспапта ойнау номинациясы бойынша БАС жүлдеге ие болды.

Сіздердің бойларыңызда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесімділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңызды бағындырып, діттеген мақсаттарыңызға  жетулеріңізге тілектеспіз! 

Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

Шәкірттеріңіздің қанаттары талмасын!  Алар биігіміз көп болсын.

Құрметті біздің ұстаздарымыз әрқашанда сіздерді  қолдап қорғайтын ата-аналар бар екенін әсте естен шығармаңыздар.

№45 бейімделген орта мектебі    «КММ»

4 «Г» сынып ата-анасы:

Раисова Асель Женискановна

]]>
       Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Мұғалімнен өнеге-білім алып өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»...Иә ,бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек,даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі.» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай  №45 бейімделген орта мектебінің жүрегі болып жүрген асыл ұстаздарымыз Канапина Асель Альмухановна мен Азатбек Орынбек жайлы айтпақпын. Ұстаздарымыз  балаларымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай , өнерге баулып, ортаға тез бейімделуге үйретіп, ерекше тәртіпке, ең бастысы адами қасиеттерді  бойларына сіңіріп келеді.  Сынып жетекшіміз Асель Альмухановна балалардың және ата-аналардың ұйымшылдығын жақсы жолға қоя білді. Ол үнемі жүргізілетін демалыстардың, кездесулер мен мәдени шаралардың нәтижесі деп білемін. Сынып оқушылары мен ата-аналары үнемі қызу жұмыстар үстінде. Білім саласынан басқа өнер саласында да үлкен еңбек етіп келеді. Бұл осы екі ұстазымыздың арқасы деп білемін. Олар алыс сапарлар мен байқауларға шыққанда да балаларымызға өз баласындай қарайды.

Жас та болса осы үлкен өнерді өзі игеріп қана қоймай, көзіміздің ағы мен қарасы балаларымыздың жүрегінен орын тауып, домбыраға үйретіп жүрген Азатбек Орынбек. Ол әр шаңырақта домбыраның үнін шығарып,  қазағымыздың ұлттық мұрасы домбырамызды насихаттап жүр. Балаларымыз білімде де, өнерде де сайыстардың алдын беріп көрген жоқ. Атап айтсам, 2018жылы 31-қазанда өткен «SAMGAU»Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальден І-орынды иеленді. 2018 жылы Алматы қаласында өткен  Ғұмырдария «Құстар қайтып барады» Н.Тілендиев Республикалық ән-би байқауының «Би» номинациясы және «Ансамбль» номинациясы бойынша лауреат атанған    І-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019жылы Нұр-Сұлтан қаласында Майра Ильясованың ұйымдастыруымен өткен «Жұлдыз болғың келсе» атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы «Би» және «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша І-орын дипломмен марапатталды. 2019жылы Өскемен қаласында өткен «TALENTS BATTLE»Халықаралық конкурстан   Ұлттық аспаптарда  ойнау номинациясы бойынша «Шығыс сазы» домбрашылар ансамблі І-орынды иеленді. 2020 жылы «Жаңа формат» халықаралық байқауда аспапта ойнау номинациясы бойынша БАС жүлдеге ие болды.

Сіздердің бойларыңызда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесімділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңызды бағындырып, діттеген мақсаттарыңызға  жетулеріңізге тілектеспіз! 

Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

Шәкірттеріңіздің қанаттары талмасын!  Алар биігіміз көп болсын.

Құрметті біздің ұстаздарымыз әрқашанда сіздерді  қолдап қорғайтын ата-аналар бар екенін әсте естен шығармаңыздар.

№45 бейімделген орта мектебі    «КММ»

4 «Г» сынып ата-анасы:

Раисова Асель Женискановна

]]>
admin Fri, 28 Feb 2020 14:13:31 +0600
Қарттары бар үйдің - қазынасы бар https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/77-arttary-bar-jd-azynasy-bar.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/77-arttary-bar-jd-azynasy-bar.html        «Қарты бар үйдің-қазынасы бар»,-деп,дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя-шынында да,қазыналы,берекелі жанұя. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады»,- деген қанатты сөздер бар.Өйткені кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.                             

       Бүгін сынып жетекшіміз Канапина Асель Альмухановнаның ұйымдастыруымен Өскемендегі Солнечный кентінде орналасқан қарттар үйіне барып келдік.Жылу іздеген жаралы жүрек иелерінің бір сәтке болса да көңілін көтеру мақсатында апарған шарамыз өте жоғары деңгейде өтті.Әттең-ай дейміз де! Жәутеңдеп керексіз боп қалған қариялардың қатарынан   қара көз апаларымыз бен қара күштің иелері болған аталарымызды да көрдік... Жүрек ауырады әрине.Кіп-кішкене жүректеріне сидырып әкелген махаббаттарын бар өнерлеріне салған балапандарымыз қараусыз қалған қариялардың көңілінен шыға білді.Ән де айттық, би де биледік.Ойын да ойнадық.Аталарымыздан бата да алдық...Бірақ көңілден қаяу кетпеді...Концерт беріп жұбаттық па деп шыққанда балаларымыздың жабырқау сұрақтарына жауап іздедік.Жаман ата-ана бола ма? Жаман бала бола ма? Көкейде кеткен сұрақ осы.Кім кінәлі? Сансыз сұрақ,сан түрлі тағдыр...Ата-аналарымыздың арқасында апарған тәттілерімізге балаша мәз болған қариялар бейнесі... Жүгіріп бөлмелерінен өздері тығып жейтін тәттілерін біздің балаларға беріп,қуанып жүрген қариялар...Қуаныш сыйлау үшін келіп,қуана алмау жүрекке жара салды.Кейінгі ұрпақтың бұл жараны емдеп жазатынына үміт арттық.Шараның өтуіне ықпал еткен меңгеруші Айгүл Қалиханқызына алғысымызды айтып,үлкен сабақ алып қайттық.Қарттар үйі болмаса екен деген   тілекпен қайттық.Келешек ұрпағымыз салихалы,саналы болсын деп тілейміз.

  №45 бейімделген орта мектебі    «КММ»

4 «Г» сынып ата-аналары атынан:

Нұрсалимова Құралай Нигмадиловна

Раисова Асель Женискановна

]]>
       «Қарты бар үйдің-қазынасы бар»,-деп,дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя-шынында да,қазыналы,берекелі жанұя. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады»,- деген қанатты сөздер бар.Өйткені кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.                             

       Бүгін сынып жетекшіміз Канапина Асель Альмухановнаның ұйымдастыруымен Өскемендегі Солнечный кентінде орналасқан қарттар үйіне барып келдік.Жылу іздеген жаралы жүрек иелерінің бір сәтке болса да көңілін көтеру мақсатында апарған шарамыз өте жоғары деңгейде өтті.Әттең-ай дейміз де! Жәутеңдеп керексіз боп қалған қариялардың қатарынан   қара көз апаларымыз бен қара күштің иелері болған аталарымызды да көрдік... Жүрек ауырады әрине.Кіп-кішкене жүректеріне сидырып әкелген махаббаттарын бар өнерлеріне салған балапандарымыз қараусыз қалған қариялардың көңілінен шыға білді.Ән де айттық, би де биледік.Ойын да ойнадық.Аталарымыздан бата да алдық...Бірақ көңілден қаяу кетпеді...Концерт беріп жұбаттық па деп шыққанда балаларымыздың жабырқау сұрақтарына жауап іздедік.Жаман ата-ана бола ма? Жаман бала бола ма? Көкейде кеткен сұрақ осы.Кім кінәлі? Сансыз сұрақ,сан түрлі тағдыр...Ата-аналарымыздың арқасында апарған тәттілерімізге балаша мәз болған қариялар бейнесі... Жүгіріп бөлмелерінен өздері тығып жейтін тәттілерін біздің балаларға беріп,қуанып жүрген қариялар...Қуаныш сыйлау үшін келіп,қуана алмау жүрекке жара салды.Кейінгі ұрпақтың бұл жараны емдеп жазатынына үміт арттық.Шараның өтуіне ықпал еткен меңгеруші Айгүл Қалиханқызына алғысымызды айтып,үлкен сабақ алып қайттық.Қарттар үйі болмаса екен деген   тілекпен қайттық.Келешек ұрпағымыз салихалы,саналы болсын деп тілейміз.

  №45 бейімделген орта мектебі    «КММ»

4 «Г» сынып ата-аналары атынан:

Нұрсалимова Құралай Нигмадиловна

Раисова Асель Женискановна

]]>
admin Fri, 28 Feb 2020 14:09:32 +0600
Жетім көрсең жебей жүр https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/76-zhetm-krse-zhebej-zhr.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/76-zhetm-krse-zhebej-zhr.html Біздің ұйымшыл да бірлігі жарасқан мейірімді 4г сынып оқушылары мен ата-аналары биылғы 2019-20 оқу жылында мектептің ұстанған тәрбие бағыттарының бірі «Нappy world»  («Бақытты әлем») жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық бола берсін деген мақсатпен   жүрегі  жақсылыққа толы  мейірімді жандарды тарта отырып, «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Мектеп көлемінде ұйымдастырылған бұл акция   төңірегінде   әдеби кітаптар ,аяқ киімдер,сырт киімдер,  ойыншықтар жиналды. «Жетім көрсең жебей жүр» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Жандарына жылулық сыйлап, Куленовка кентінде орналасқан «Үміт» балалар үйіне барып қайттық.Жиналған заттармен қоса  тәрбиеленушілерге  сыйлықтар, көптеген  тәттілер ұсынылды. Балалармен жақын танысу мақсатында қызықты тренингтер, сайыстар өткіздік Ал ұлттық ойынымыз асық ойынын ойнау балаларды бір-бірімен жақындастыра түсті.Тағдыр талқысына ерте түскен жетім балалардың жүректеріне қуаныш сыйлап, сүйкімді күлкілерін естіп бір күн болса да қуаныш сыйладық. Ата-анасының жоқтығын мойынсынған балалардың өзара татулықтары мен бір-біріне деген қамқор сезімдеріне, өжет мінездері мен таланттарына, өнерлеріне риза болдық. Дегенмен жанарларындағы мұңды көріп, өмірдің ащы дәмін татып үлгерген сәбилердің бейнелері көпке дейін санамыздан шықпады. Игі бастамаға қолдау көрсетіп, сынып жетекші Канапина Асель Альмухановнаның қасынан табылған ата-аналар ұжымы да елгезектік танытып, осы бастаманың толық іске асуына мол үлестерін қосты.

             Балалар үйінде өмір сүріп жатқан құрдастарының мұңды тағдырлары мен олардың өмірлері сынып оқушыларының да көңілдеріне ой салғанын айтпай түсінуге боларлықтай. 

Сынып жетекшісі: Канапина Асель Альмухановна

Бастауыш сынып мұғалімі: Раисова Асель Женискановна

]]>
Біздің ұйымшыл да бірлігі жарасқан мейірімді 4г сынып оқушылары мен ата-аналары биылғы 2019-20 оқу жылында мектептің ұстанған тәрбие бағыттарының бірі «Нappy world»  («Бақытты әлем») жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық бола берсін деген мақсатпен   жүрегі  жақсылыққа толы  мейірімді жандарды тарта отырып, «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Мектеп көлемінде ұйымдастырылған бұл акция   төңірегінде   әдеби кітаптар ,аяқ киімдер,сырт киімдер,  ойыншықтар жиналды. «Жетім көрсең жебей жүр» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Жандарына жылулық сыйлап, Куленовка кентінде орналасқан «Үміт» балалар үйіне барып қайттық.Жиналған заттармен қоса  тәрбиеленушілерге  сыйлықтар, көптеген  тәттілер ұсынылды. Балалармен жақын танысу мақсатында қызықты тренингтер, сайыстар өткіздік Ал ұлттық ойынымыз асық ойынын ойнау балаларды бір-бірімен жақындастыра түсті.Тағдыр талқысына ерте түскен жетім балалардың жүректеріне қуаныш сыйлап, сүйкімді күлкілерін естіп бір күн болса да қуаныш сыйладық. Ата-анасының жоқтығын мойынсынған балалардың өзара татулықтары мен бір-біріне деген қамқор сезімдеріне, өжет мінездері мен таланттарына, өнерлеріне риза болдық. Дегенмен жанарларындағы мұңды көріп, өмірдің ащы дәмін татып үлгерген сәбилердің бейнелері көпке дейін санамыздан шықпады. Игі бастамаға қолдау көрсетіп, сынып жетекші Канапина Асель Альмухановнаның қасынан табылған ата-аналар ұжымы да елгезектік танытып, осы бастаманың толық іске асуына мол үлестерін қосты.

             Балалар үйінде өмір сүріп жатқан құрдастарының мұңды тағдырлары мен олардың өмірлері сынып оқушыларының да көңілдеріне ой салғанын айтпай түсінуге боларлықтай. 

Сынып жетекшісі: Канапина Асель Альмухановна

Бастауыш сынып мұғалімі: Раисова Асель Женискановна

]]>
admin Fri, 28 Feb 2020 13:58:59 +0600
Ата-ана мен бала шығармашылығы https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/abaja-arnau/75-ata-ana-men-bala-shyarmashylyy.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/abaja-arnau/75-ata-ana-men-bala-shyarmashylyy.html Мектебіміздің шағын орталығындағы "Сәулетай"  тобы бүлдіршіндерінің Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай, ата-аналарымен бірігіп жасаған туындылары

]]>
Мектебіміздің шағын орталығындағы "Сәулетай"  тобы бүлдіршіндерінің Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай, ата-аналарымен бірігіп жасаған туындылары

]]>
admin Fri, 28 Feb 2020 09:31:40 +0600
Абай Құнанбаев "Күз" өлеңі. https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/74-abaj-kunapbaevtyn-kuz-olenyorysshaga-audargan-agotoa.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/74-abaj-kunapbaevtyn-kuz-olenyorysshaga-audargan-agotoa.html
]]>

]]>
admin Tue, 25 Feb 2020 21:14:48 +0600
Шағын орталық, "Еркетай" тобы. Шығармашылық жұмыс барысы https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/73-shayn-ortaly-erketaj-tobynda.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/73-shayn-ortaly-erketaj-tobynda.html Абай Құнанбаевтың "Қыс" өлеңі арқылы шағын орталықтың "Еркетай" тобында шығармашылық сала бойынша "жапсыру" сабағында топтық жұмыс
]]>
Абай Құнанбаевтың "Қыс" өлеңі арқылы шағын орталықтың "Еркетай" тобында шығармашылық сала бойынша "жапсыру" сабағында топтық жұмыс
]]>
admin Tue, 25 Feb 2020 11:15:39 +0600
Челлендж жалғасуда. 3 "Б" сынып ата-аналарының Абайдың өлеңдерін қазақ, орыс, түрік, ағылшын және неміс тілдерінде орындауларын тамашалайық! https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/men-serm/72-chellendzh-zhalasuda-3-b-synyp-ata-analaryny-abajdy-ledern-aza-orys-trk-aylshyn-zhne-nems-tldernde-oryndaularyn-tamashalajy.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/men-serm/72-chellendzh-zhalasuda-3-b-synyp-ata-analaryny-abajdy-ledern-aza-orys-trk-aylshyn-zhne-nems-tldernde-oryndaularyn-tamashalajy.html
View this post on Instagram

3 б сыныбының ата аналарынан Абайдың өлеңдерін қазақ ,орыс, түрік, ағылшын, неміс тілідерінде орындауларын тамашалайық

A post shared by @ fortyfive_school on

]]>
View this post on Instagram

3 б сыныбының ата аналарынан Абайдың өлеңдерін қазақ ,орыс, түрік, ағылшын, неміс тілідерінде орындауларын тамашалайық

A post shared by @ fortyfive_school on

]]>
admin Tue, 25 Feb 2020 11:01:27 +0600
Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанатында оқылған Абай өлеңдері https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/abaja-arnau/71-bastauysh-synyp-brlestgn-onkndgn-ashylu-saltanatynda-oylan-abaj-leder.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/abaja-arnau/71-bastauysh-synyp-brlestgn-onkndgn-ashylu-saltanatynda-oylan-abaj-leder.html
]]>
]]>
admin Tue, 25 Feb 2020 10:58:32 +0600
Жидебайға саяхат https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/abaj-auyly/70-zhidebaja-sajahat.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/abaj-auyly/70-zhidebaja-sajahat.html 2017-2018 оқу жылында "Жас Отан" партиясы және "Восток Молоко"  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қолдауымен  "№45 бейімделген орта мектеп" оқушылары мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары  Айнагуль Какимовна және әлеуметтік оқу-тәрбие істер жөніндегі директор орынбасары Айгерім Мұратовна бастап Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған жері Жидебайға саяхаттап қайтты.   

]]>
2017-2018 оқу жылында "Жас Отан" партиясы және "Восток Молоко"  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қолдауымен  "№45 бейімделген орта мектеп" оқушылары мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары  Айнагуль Какимовна және әлеуметтік оқу-тәрбие істер жөніндегі директор орынбасары Айгерім Мұратовна бастап Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған жері Жидебайға саяхаттап қайтты.   

]]>
admin Tue, 25 Feb 2020 10:14:58 +0600
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/69-aza-tl-men-debiet-zhne-tarih-k-malmdern-ly-ayn-ananbajlyny-175-zhyldy-merejtojyna-bajlanysty-tkzgen-s-sharalary-turaly-aparat.html https://45-oskemen.mektebi.kz/abaj-175/aparatty-tanymdy/69-aza-tl-men-debiet-zhne-tarih-k-malmdern-ly-ayn-ananbajlyny-175-zhyldy-merejtojyna-bajlanysty-tkzgen-s-sharalary-turaly-aparat.html Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің   ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақ халқының мәдениетінің, әдебиетінің дамуында   Абай Құнанбайұлының алатын орны ерекше. Абай-бар халықты талантына бас идірген ақын, гуманист, қазақтың біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы. Өскемен қаласы «№45 бейімделген орта мектебінде» қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК-да   атаулы шараға байланысты  жоспар құрылды.  

 Мектептің  акт залында   «Қазақтың дара туған данасы»   атты  ұлы ақын, ойшыл А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл   толу  мерейтойына арналған   іс-шараның   ашылу салтанаты өтті.  Бұл шараның мақсаты -қазақтың ұлы ақыны, гуманист классигі Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттай отыра,  жастарлы адамгершілікке, елін, жерін сүюге, ұлттық құндылықтарды бойларына дарытуға тәрбиелеуге бағытталды. 

Оқушылар  бұл шарада  А.Құнанбайұлының  өлеңдерін, қарасөздерін  нақышына келтіре  оқыды.    Құнанбайдың, Абайдың, Ұлжанның  образдарын шеберлікпен сомдай білген  11-10 сынып оқушылары  көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. 

9-11 сынып оқушылары арасында  «Абай - қазақ поэзиясының биік шыңы» эссе байқауы болып өтті.  Жұмыстары «Үздік» деп бағаланған  оқушылар жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды.

7-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Уркунчинова Н.М. «Ұлы халықтың ұлы Абайы» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысын ұйымдастырды. Сайыстың жеңімпаз оқушылары мадақтама қағаздарымен марапатталды.

ӘК мұғалімдері  Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындап, мектепішілік Абай  әндерін орындау эстафетасына  да белсене қатысты. 

Абай –қазақ әдебиетінің ғана емес, барша қазақ халқының рухани нәр бұлағы, болашағының адастырмас темірқазығы.  Қазақ деген ұлт барда  ұлы ақын есімі ұмытылмайтынын, керісінше биікке көтеріліп, дәріптеле берілетіндігін шараға белсене қатысқан  ұрпақтары тағы  бір рет дәлелдегендей болды. 

]]>
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің   ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат

admin Tue, 25 Feb 2020 09:53:37 +0600